Жобалар
50-ден астам кәсіпорындар мен құрылымдар институттың жобаларына тұрақты тапсырыс берушілері болып саналады.
Казгипроцветметтің жобалары бойынша көптеген қазіргі заманға өндірістер салынып жатыр және іске қосылған. Бұл өндірістір техникалық-экономикалық өндірістік және экологиялық параметр бойынша әлемде теңдесі жоқ.
2000 жылдан бері КГЦМ-нің жобалары бойынша салынып жатқан аса ірі объектілер:
«КАЗЦИНК» АҚ
«Казцинк» АҚ кен базасын кеңейту үшін Казгипроцветметтің мамандарымен Зырян тау-кен байыту кешенінің малеев кен орынының жобасы және жұмыс чертеждері аса қысқа уақыт ішінде орындалған.
ҚАЗАҚСТАН МОНЕТА САРАЙЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің тапсырысы бойынша Мемлекет үшін қажетті жағары сапалы өнім шығаратын қазіргі заманға сай өндіріс орыны жобаланып салынған.
«ССГПО» АҚ
Соколов-Сарбай тау-кен-байыту өндірістік бірлестігі үшін 20 жылға арналған шикізат базасын дамыту схемасы дайындалған. Кен орыны қуатын екесе өсіру жобасы жасалған.
«КАЗХРОМ» ТНК ДОН ТАУ-КЕН-БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ
Осы комбинат үшін технологиясы мен өндірісі ерекше жобалар жасалған және олар іске асырылған.
Тереңдігі 1 км жер асты қойнауындағы хром кен қорын өндіру. Тағы басқа да жобалар жасалуда.
«50 ЛЕТ ОКТЯБРЯ» ТАУ-КЕН-БАЙЫТУ КЕШЕНІ
Ақтөбе мыс компаниясының «Коппер Текнолоджи» серіктестігі үшін Казгипроцветмет қысқа уақыт ішінде «ОУТОТЕК» фирмасының бірлесіп технологиялық регламент пен жоба жасалады. 2006 ж. 7 қыркүйекте кешеннің ашылу салтанаттына Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев қатысқан.
«ӨРКЕН» ЖШС ЛИСАКОВСК ТАУ-КЕН-БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ
Компьютерлік бағдарлама жасалған, Лисаковск кен орыны туралы электрондық базасы құрылған, 2005-2016 ж. арналған кен өндірудің күнтізбелік графигі жасалды.
ЖӘЙРЕМ ТАУ-КЕН-БАЙЫТУ КОМБИНАТЫ
«Үшқатын III» кен орының ашық түрде темір-марганец өндіру
САРЫ-АРКА СПЕЦКОКС
Казгипроцветмет жобасы юойынша алғашқы рет Қазақстан Республикасында кокс алу өндірісі басталды: 2005-2006 ж. Шубаркөл көмір разрезінде тәжіребелік өндірістік спецкокс өндіру іске қосылды.
АҚСУ ФЕРРОСПЛАВ ЗАУЫТЫ «КАЗХРОМ»ТНК
2007 ж. әр түрлі құрамды шикізатты ерітетін жаңа пешь іске қосылған. Бұл жоба «Экта»НТФ ( Мәскеу қ.) және «Сибэлектротерм» ( Новосибирск қ.) пешь жасаушылармен бірігіп істелді. «Восточный» көмір разрезінде кокс өндіру іске қосылды. Қытай пешь жасау компанияларының конструкцияларын қолданып жақсартылған.
АҚТӨБЕ ФЕРРОСПЛАВ ЗАУЫТЫ «КАЗХРОМ»ТНК
Өндіріс қалдықтарын қайта өндеу жөнінде бөлімше құрылысының жобасы жасалып іске асырылған.
«ҚАЗАҚМЫС» КОРПОРАЦИЯСЫ
Жезкент тау-кен-байыту комбинатының Орлов кен орынында төменгі горизонттарды ашып және қазу жумыстарының жобасы жасалған.
«Қазақмыс» корпорациясын Балқаш мырыш зауыты қазір 5-ші жыл табысты істеп жатыр. Оны іске қосуда Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев қатысқан.
Казгипроцветметтің жобалары бойынша алдынғы қатарлы технологиялар алтын өндіру кәсіпорындарында енгізілген: «Алел» компаниясының, Суздаль тау-кен-өндіру кешені, Бақыршық тау-кен-өндіру кәсіпорыны, «Алтын-Төбе» компаниясының, «Жанан» кен орны және т.б.
«SBS STEEL»ЖШС
Ақтөбе облысында жаңа металлургия кешенінің құрылыс жобасы дайындалуда. Болат балқыту өндірісінің технологиясы Қытай халық республикасының қара металлургия зерттеу және жаспарлау институтында жасалған.
«ШАЛКИЯ ЦИНК ЛТД» ЖШС
«Шалкия» кен орынында жер асты кеніші құрылысының жобасы жасалуда. Онда жаңа мырыш зауытын салу жоспарлануда.
БАДАМШИНСК НИКЕЛЬ ЗАУЫТЫ
Ақтөбе облысында «Кимперсай» кен орынында никель кенішін өндіру бойынша никель зауытының жұмыс жобасы жасалынып жатыр. Бұл жобалауға Ресейдің Мәскеу болат және қорытпа институты және Уралэнергоцветмет (Екатеринбург қ..) ұйымдары қатысқан.
ЕКАТЕРИНБУРГ ТҮСТІ МЕТАЛ ӨНДЕУ ЗАУЫТЫ
2007 ж.«ЕЗОЦМ» ескі кәсіпорының Екатеринбург қаласы ортасынан Верхняя Пышма қаласына көшіру және модернизациялау жобасы жасалған.
Бұл жоба жұмысы ғылыми зерттеу Урал метал институтымен бірлесіп жасалған.
ОРЫС МЫС КОМПАНИЯСЫ
2005-2006 жылдары Ресейдің ескі «Карабашмедь» мыс қорынын зауытында «AUSMELT»
Мысқорыту кешенінің құрылыс құжаттары жасауы. Орыс мыс компаниясының Кыштым мыс электролит зауытын жобалау жұмысы жүріп жатыр.
«УРАЛМЕХАНОБР» ЖШС (УГМК-ХОЛДИНГ)
«Уралмеханобр» ЖШС-мен бірге «Уралцинк» ЖШС-нің мырыш зауыты құрылысының жобасы жасалған. «Башмедь» зауытын жобалау басталды.
|