КАЗГИПРОЦВЕТМЕТ-
ЕЛIМIЗДЕГI ЖЕТЕКШI ИНЖЕНЕРЛIК КОМПАНИЯ
КАЗГИПРОЦВЕТМЕТ- СІЗДІҢ СЕНІМДІ СЕРІКТЕСІҢІЗ!
Қазақстан мен шетелдерде тау-тек-металургия кәсіпорындарын
жобалау бойынша жетекші орын алады.

ЖЕТІСТІКТЕР

Казгипроцветметтің инновациялық жобалары негізінде шетелдерде, Қазақстанда көптеген әлемге әйгілі металлургия және тау-кен өндірісі кәсіпорындары салынған және салынып жатыр. Жәнеде алдынғы қатарлы технологиялар мен техникалар еңгізілуде, миллиард долларға бағаланатын құрылысқа бөлінген қаржылар игерілуде, республика бюджетіне қаржы түсіріліп жатыр, бәсекеге қабілетті өнімдер шығарулуда. 

 

Казгипроцветметтің президенті
Чайжунусов Тоқан Жақияұлы,

Профессор, Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген құрылысшысы,
Өскемен қаласының Құрметті азаматы, Шығыс-Қазақстан облысының Көкпекті ауданының Құрметті азаматы.

Семей облысының Көкпекті ауылында 16 шилдеде 1944 жылы атақты педагог, Социалистік Еңбек Ері, халық мұғалімі Жақия Чайжүнусұлы Чайжүнусовтың отбасында дүниеге келген.
Совет әскерінің Қарулы күштер қатарында қызмет еткен. Келесі мамандықтар бойынша үш жоғары білімі бар: «өндірістік және азаматтық құрылыс»,  «экономика және менеджмент», «юриспруденция».
Ондаған жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысында құрылыс ұйымдарын басқарған. Экономикалық реформаның күрделі жылдары «Казгипроцветмет» бас жоба  институтының президенті болып сайланып, институттың техникалық, интеллектуалдық потенциалын сақтап, ары дамыта білген. Институттың дамуы бойынша мақсатты түрде жұмыстар жүргізіп отырады. Өз қызметкерлері үшін күнделікті және үлкен қамқорлық жасайды. Бүгінде Казгипроцветмет техникалық прогресстің алдынғы шебінде, жоба жұмысының флагманы, көп салалы, жетекші институттардың бірі болып саналады.
Тоқан Жақияұлының жетекшілігімен және қатысуымен Қазақстанда және шетелдерде көптеген тау-кен металлургия кешендері сәулет-құрылыс, әлеуметтік объектілер салынған, салынып жатыр және жобалану үстінде.
Ол өте отан сүйгіштік, адамдарға деген кең пейілділік қарым-қатынасымен ерекшеленеді. Жетім балаларға, мүгедектерге, білім, денсаулық, мәдениет, спортты дамытуға өте көп қайырымдылық көмегін жасайды.
Оның еңбек және қоғамдық жұмыстары Ресей, Қазақстан мемлекеттік атақтармен, марапаттармен жоғары бағаланған. Қазақстан Республикасы президентінің алғыс хатымен марапатталған. Қайырымдылық қызмет жұмыстары үшін бірнеше рет «Жыл адамы» атағын алған. Оның басты ұраны:  «Қайырымдылық жасау!»
Тоқан Жақияұлы талантты басшы, білсенді қоғам қайраткері, өз ісінің шебері, мемлекеттік тұрғыда ойлайтын адам және елімізде, шетелдерде өз әріптестері арасында жоғары беделге ие. Казгипроцветметтің шығармашылық ұжымын шебер басқарып, құрылыс салу, реконструкциялау, өндіріс кәсіпорындарын модернизациялау, басқа да құрылыс объектілерінің инновациялық жобаларын жасауда жоғары нәтижелерге жетуге жетелеп келеді.